» » БАЛА ӨМІРІ - БІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІК

БАЛА ӨМІРІ - БІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІК


Жаз мезгілі басталысымен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Өткен жылы балалардың терезеден құлауының 16 жағдайы тіркеліп, 17 бала түрлі жарақаттар алса, биыл 4 жағдай анықталған. Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы, балалардың терезе алдында ойнауынан болып отыр,- дейді мамандар. Жыл басынан бері Қызылорда облысы ТЖ департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің ұйытқы болуымен тұрғын үйлерге 115 дана терезе блоктары орнатылды. Бұл туралы ТЖД төтенше жағдайларды алдын-алу басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов айтты.

- Қызылорда облысы бойынша балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап зардап шегуін немесе қаза болуын болдырмау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Сонымен қатар қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің және мини-маркет, сауда орындарының кіре беріс есіктерінің тұсына үгіттеу-түсіндіру парақтары ілініп, тұрғын үй ауласында ескерту, түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Осындай жағдайларды болдырмау бағытында “Терезе” жедел алдын-алу шарасы жолға қойылды. Мақсат біреу. Балардың денсаулығы бәрінен де маңызды. Оған бәріміз де жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әсіресе, тұрмысы төмен отбасыларда тұратын балалардың қауіпсіздігіне баса мән беріліп отыр. Біз мұндай отбасылардың тұрғын үйлеріндегі терезелерге қорғаныш құрылғыларын орнатуды жоспарлап отырмыз. Профилактикалық жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады,- деді Бейбітхан Оразайұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

15 тамыз 2025 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930