Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық сипаттағы жанжалдардың жиілеп кеткенін ескертеді

Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық сипаттағы жанжалдардың жиілеп кеткенін ескертеді

фото: gov.kz
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтаралық келісімді бұзуға әкеп соғуы мүмкін кез келген әрекетке тыйым салады.
Ұлтаралық араздық – қоғамдық тұрақтылық пен бірлікке төнетін ең қатерлі қауіптердің бірі болып табылады.
Мұндай әрекеттердің салдары – жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік құрылымның бұзылуына, сондай-ақ этностар мен мәдени топтар арасындағы терең қайшылықтарға алып келуі мүмкін.
Аталған құқықбұзушылықтардың жасалу алаңы ретінде «Instagram», «TikTok», «Threads» сияқты әлеуметтік желілер танылып отыр. Бұл платформаларда әрбір қолданушыға пікір білдіру бостандығы берілген.
Алайда, ұлтаралық араздықты қоздыратын пікірлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Атап айтқанда, бұл бап бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ауыр зардаптарға әкелген жағдайда – 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Аталған әрекеттер экстремистік қылмыстар санатына жатады.
Мұндай құқықбұзушылықтар үшін кінәлі тұлғалар белсенді өкініш білдіруіне, жәбірленуші тараппен татуласуына, қылмыстық әрекеттің ескіру мерзімінің өтуіне немесе рақымшылық актісіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылмайды.
Тәжірибе көрсеткендей, құқық қорғау органдары тарапынан тұлғасы анықталғаннан кейін, кінәлі азаматтар өз іс-әрекетіне өкініп, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Алайда бұл олардың жауапкершілігін жоюға негіз болып табылмайды.
Осыған байланысты барлық азаматтарды заң талаптарын сақтауға, әрбір хабарламаға және айтылған сөздерге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Қоғамдағы бейбітшілік, тұрақтылық пен сенімді тек ортақ құқықтық мәдениет пен өзара құрмет арқылы ғана сақтап қалуға болады.
14 тамыз 2025 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 600
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031