» » ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Әйел мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды тармақтардың бірі – қылмыскерді 30 күн мерзімге оқшаулау және жәбірленушілермен байланысқа тыйым салу мүмкіндігі. Бұл зардап шеккендердің психоэмоционалды жағдайына оң әсер етіп, оларға толық оңалту мүмкіндігін береді.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазалау шараларын күшейтеді. Атап айтқанда, қазір денсаулыққа қасақана орташа және ауыр зиян келтіргені үшін тек 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал бұрын айыпталушының бостандығы тіптен шектелмеуі мүмкін еді.
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру туралы бап та қатаңдатылды. Қылмыскерге 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Сонымен қатар қазір бұл қылмыс үшін әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыс ауырлататын мән-жайлар болған кезде 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуды не 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді көздейді. Сондай-ақ қылмысты ауырлататын ұрыпсоғу жағдайларында 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуға не 50 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, азаптау үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді 2 жылдан 3 жылға дейін, ауырлататын жағдайларда 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделуде. Сондай-ақ жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлықзомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейтетін, сонымен қатар отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған нормалар енгізілді. Балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың кез келген түрін көрсету жауапкершілігі едәуір күшейтілді. Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандарға қарсы денсаулыққа зиян келтіруден бастап ұрлау мен өлтіруге дейінгі қылмыстардың тізбесі жүйеленген және нақты анықталған. Мұндай әрекеттерді жасаған адамдар татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатыла алмайды.
Кәмелетке толмағандарды өлтіргені, зорлағаны, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ең ауыр жаза көзделген.
Балаларды ұрлағаны үшін бұдан былай 10 жылдан 15 жылға дейін, ал заңсыз бас бостандығынан айыру үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алғаш рет 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипаттағы зорлықзомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Осы нормалар қабылданғанға дейін мұндай жауапкершілік 14 жасқа толмағандарға тиіскені үшін ғана қарастырылған. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар не 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Қармақшы аудандық полиция бөлімі
10 сәуір 2025 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930