ЖАҢА ЗАҢ – ЖАҢА ТАЛАП
Өткен жылдың 15 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Оның басты мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Президент қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң, шын мәнінде, мемлекеттің теңдік пен заң үстемдігі қағидаттарына басымдық беретінін, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыратынын көрсетеді.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қол қойылғанға дейін елдің құқықтық жүйесінде әйелдердің құқықтарын қорғау іс жүзінде толық іске асырылмағанын мойындау қажет. Бұл заң мыңдаған әйелді абъюзивті қарым-қатынастан шығуға итермелейді, оларға құқықтық қауіпсіздікпен қашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әйелдерге өмір сүруге және озбырлықтан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар, қабылданған заңның басты міндеті – балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.
Айта кетейік, енді жаңа заң бойынша әйелдер мен балалардың денсаулығына бірнеше рет ұрып-соғу және зиян келтіру кезінде татуласу қарастырылмаған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін қазір бүкіл әлеуметтік-мәдени экожүйе құрылуда. Балалар мен әйелдер үшін қауіпсіз орта құру және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, құқықбұзушылықтардың алдын алуды күшейту, сондай-ақ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
Ауыр қылмыстарға қатысты жазаларды қатаңдату және татуласудан бас тарту зорлық-зомбылық пен қауіпті әрекеттерді жасаған адамдар үшін қатаң жазалау режимін жасайды, бұл қоғамдағы әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін маңызды. Қоғамдық пікірді ескере отырып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қасақана ауырлығы орташа және денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілді.
Аудандық полиция бөлімі