» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!» АТТЫ OPEN AIR ФОРМАТЫНДА МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!» АТТЫ OPEN AIR ФОРМАТЫНДА МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ


12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай “Достық үйі” ғимаратының алдында ашық аспан астында жастарға арналған ерекше гала-концерт ұйымдастырылды. «Жастармен бірге!» атауымен өткен бұл кешке қала жастары мен қонақтары жиналып, әсерлі атмосферада өнер мен көңіл көтеруді тоғыстырған ұмытылмас сәттерге куә болды.

Шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, барша жастарды мерекемен құттықтады.
– Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер. Мемлекет басшысы жастар үшін үш басты бағдарды үнемі айтып келеді. Олар білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл мықты әрі табысты ұлттың негізін құрайтын үш тұғыр. Демек, ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан біз, аға буын өкілдері, сіздерге үлкен сенім артамыз және әрдайым қолдауға дайынбыз. Сыр жастарының алдағы уақытта да өңірдің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосатынына сенімдімін. Халықаралық жастар күні құтты болсын! Алға, Сыр жастары,- деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Кештің мәдени бағдарламасы көрерменнің үлкен ықыласына бөленді. Сахнада өнер көрсеткен Axallek, Жарасхан Төлебай, Есқара, Бекзат Молдабергенов сынды Сыр өнерпаздары жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кештің басты хедлайнері – “6ELLUCCI” тобы ұмытылмас шоу ұсынып, жастардың мерекелік қуанышын еселей түсті. Бағдарлама соңы DJ Jako-ның сүйемелдеуімен өткен би кешімен қорытындылады.

Бұл кеш аймақ жастарының өнерін, белсенділігін және бірлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 тамыз 2025 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930