» » СЫР ЕЛІНЕН АБАЙ ЕЛІНЕ - РУХАНИ САПАР

СЫР ЕЛІНЕН АБАЙ ЕЛІНЕ - РУХАНИ САПАР


Абай облысында ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясындағы басты шаралар ақынның туған жері - Абай ауданында ұйымдастырылды.

“Абай күніне” арналған салтанатты жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегация, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, халық жазушысы Төлен Әбдік, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және өзге де құрметті қонақтармен қатар, Сыр өңірінің делегациясы да қатысты.

Мәулен Әшімбаев шараның ашылуында сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мерейтойға арналған құттықтау хатын оқып берді. Президент өз хатында Абай мұрасының адамзаттық маңызын атап өтіп, ақын шығармашылығын терең зерттеу мен насихаттаудың қажеттілігін айтты.

Облыс әкімі Берік Уәли де құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой биыл алғаш рет онкүндік форматында өткенін және мерекелік шаралардың ел игілігіне қызмет ететін жобалармен толыққанын жеткізді.

Сыр өңірінен келген делегация Жидебай ауылына барып, ұлы ақынның басына зиярат жасады. Қызылорда облысының өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, хәкімнің кесенесіне тағзым етті. Делегация мүшелері сондай-ақ ақынның өмір сүрген үйін аралап, бүгінде музейге айналған тарихи орынмен танысты. Мұнда олар Абайдың жеке қолданған бұйымдарын, қолжазбаларын, шығармашылық мұрасын айғақтайтын жәдігерлерді көріп, ұлы ойшылдың өмір жолына терең бойлады.

Бұл сапар Сыр елі мен Абай елі арасындағы бауырмалдық байланыс пен рухани сабақтастықты тағы да айқын көрсетті. Халық даналығы мен ұлы мұраның киелі мекенінде өткен мерейлі кездесулер қатысушылардың жүрегінде өшпес із қалдырды.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

11 тамыз 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 201
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031