» » 3 тамызда ел аумағында ауа райы айтарлықтай ерекшеленеді

3 тамызда ел аумағында ауа райы айтарлықтай ерекшеленеді

3 тамыз, жексенбі күні Қазақстанның әр өңірінде әртүрлі ауа райы қалыптасады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысы, оңтүстігі, солтүстік-батысы және орталығы антициклон ықпалында болады, сондықтан бұл өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.
Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысы циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінде қалады.

Қандай өңірлерде жаңбыр жауады?

Циклон әсер ететін өңірлерде:
  • Жаңбыр жауып, күн күркірейді;
  • Шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін;
  • Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Жел күшейіп, шаңды дауыл болады

Республиканың көп бөлігінде желдің күшеюі күтіледі. Әсіресе:
  • Шығыс пен оңтүстік-шығыста — шквалды желдер;
  • Оңтүстік-батыста — шаңды дауыл;
  • Солтүстік пен солтүстік-батыста — тұман түсуі мүмкін (түнгі және таңғы уақытта).

Күн қатты ысиды

Температуралық фон кейбір өңірлерде қауіпті деңгейге көтеріледі:
  • Атырау облысы: +35…+39°C
  • Маңғыстау облысы: +38…+40°C
  • БҚО-ның оңтүстік, батыс, орталығы: +35…+37°C.

Өрт қаупі өте жоғары

Қауіпті құрғақшылық пен ыстықтың салдарынан бірнеше облыста жоғары және өте жоғары өрт қаупі күтіледі:
  • Түркістан, Алматы, Жетісу облыстары
  • Қызылорда облысының оңтүстігі
  • Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысы
  • Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының бірқатар аудандары
  • Абай мен Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен шығысы.

Үш мегаполистегі ауа райы:

Астана:
  • Бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай;
  • Түнде және таңертең тұман;
  • Жел: солтүстік-шығыстан 9–14 м/с;
  • Температура: түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.
Алматы:
  • Бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай;
  • Жел: солтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 18–23 м/с;
  • Температура: түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.
Шымкент:
  • Бұлтты, жауын-шашынсыз;
  • Жел: солтүстік-батыстан 8–13 м/с;
  • Температура: түнде +18…+20°C, күндіз +33°C.
02 тамыз 2025 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031