Құрылтай
» » Мемлекеттен қалай 1,5 миллион теңге алуға болады? Еңбек министрлігі түсіндірді

Мемлекеттен қалай 1,5 миллион теңге алуға болады? Еңбек министрлігі түсіндірді

11 тамыздан бастап екінші лек бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш қабылдау басталады. Гранттың мөлшері - 400 АЕК (1 572 800 тенге). Мұны қалай алуға болады? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екінші лекте 4 873 адамға грант беру жоспарланып отыр. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, мақсаты - жаңа бизнесті бастау және дамыту.

Өтініш беру үшін мына қадамдарды жасау қажет:

  • business.enbek.kz порталында тіркелу;
  • Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексерістен өту;
  • Бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.
31 шілде 2025 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31