» » АУЫЛ АМАНАТЫ ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

АУЫЛ АМАНАТЫ ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ


Сырдария ауданы ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту бағытында «Ауыл Аманаты» жобасының аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы өңірімізде 3 млрд теңгеге 406 жоба, ал 2024 жылы 2,5 млрд теңгеге 376 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 2 жыл ішінде 1110 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жобалар ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға, өндірістік кооперативтер мен шағын өндіріс орындарын дамытуға бағытталған.

Осы маңызды бастамаларды барынша жан-жақты таныстыру мақсатында арнайы баспасөз туры ұйымдастырылып, өңірдегі жетістіктер мен алдағы жоспарлар кеңінен жарияланды. Мысалы, Бесарық ауылында «Абай Дәулет» ЖШС демеушілігімен салынған 642 млн теңгеге бизнес-инкубатор ғимараты іске қосылды. Бұл орталықта 13 жоба жүзеге асып, 25 жаңа жұмыс орны құрылды. Жоба аясында ауыл кәсіпкерлері санитарлық нормаларға сай жабдықталған ғимаратта тегін орналасып, өз жобаларын дамыта алады.

Облыс бойынша 2025 жылы 5,5 млрд теңге бөлініп, 815 жоба іске асырылмақ. Басым бағыт - өңдеу саласы, кооперативтер мен жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, соның ішінде балық, құс шаруашылығы, егін және мал шаруашылығын кеңейту, импортқа тәуелді өнімдерді өңірде өндіру.

Баспасөз туры барысында осы қолдау шараларының маңыздылығы мен нақты нәтижелері таныстырылып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы оң өзгерістер айқын көрсетілді. Бұл бастамалар ауыл экономикасының тұрақты дамуына, халықтың еңбекпен қамтылуына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретініне сенім мол. Алдағы уақытта да осындай игі істердің жалғасын тауып, ауылды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асатынына күмән жоқ.

09 шілде 2025 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930