» » СЫР ӨҢІРІНІҢ ӨНІМДЕРІ 19 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

СЫР ӨҢІРІНІҢ ӨНІМДЕРІ 19 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА


Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда күріш, балық өнімдері, қамыс сынды тауарлар әлемнің бірнеше мемлекетіне жөнелтіледі. Сонымен бірге, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруды көздейтін «Ауыл аманаты» жобасы аймақта қарқынды жүзеге асуда. Жоба арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл кәсіпкерлігі мен кооперативтер саны артып келеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

- Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері бүгінде әлемнің 19 мемлекетіне экспортталып жатыр. Жыл басынан бері жалпы көлемі 37 мың тоннадай өнім шетелге жөнелтілді. Экспорттың негізгі бөлігін күріш құрайды. Бұл өнім Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Ирак сияқты елдерге шығарылады. Сонымен қатар, балық өнімдері мен қамысқа да сұраныс жоғары. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына үлкен мүмкіндік берді. Соңғы екі жылда өңірде жүздеген жоба қаржыландырылып, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік дамып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында да кәсіпорындар көбейді. Асыл тұқымды мал басы көбейіп, жылыжайлар ашылды. Біз әр жобаны жүзеге асыруда кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беріп, оларды сүйемелдеу жұмыстарын жүргізудеміз. Ауылдағы ірі шаруашылықтар да бұл бастаманы қолдап, елді мекендердің әлеуметтік дамуына үлес қосуда. Соның бір айғағы - Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы «Абай Дәулет» серіктестігінің қолдауымен ашылған өндірістік орталық. Мұнда бірнеше жоба іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл - ауылдағы кәсіпкерліктің жандануының нақты көрінісі, - деді басқарма басшысы.

18 шілде 2025 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930