» » Биыл ҰБТ сұрақтары 50%-ға өзгертілді

Биыл ҰБТ сұрақтары 50%-ға өзгертілді

Ұлттық тестiлеу орталығының директоры Рамазан Әлiмқұлов биылғы жылы Ұлттық бiрыңғай тестiлеу қалай өтетiнiн айтып бердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Биылғы жылы ҰБТ 15-шi рет өтедi. Осы уақыт iшiнде 1,5 миллионға жуық түлек Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысты. Қазiргi таңда тестiлеуге дайындық штаттық режимде өтiп жатыр, барлық аудиториялар дайын. Биыл ҰБТ форматының өзгермейтiнiн өздерiңiз бiлесiздер», - дедi Әлiмқұлов Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде.
Сондай-ақ, директордың айтуынша, апелляция механизмiнде де ешқандай өзгерiс болмайды. Рамазан Әлiмқұлов былтырғы жылы 198 апелляциялық өтiнiштiң түскенiн еске салды. Олардың тең жартысы техникалық мәселелерге қатысты болса, жартысы мазмұнына қатысты болған. Және де, Ұлттық тестiлеу орталығының директоры биыл сұрақтар базасы 50%-ға жаңартылғанын айтты. Осылайша, 2018 жылғы Ұлттық бiрыңғай тестiлеу сұрақтарының саны 80 мыңға жетпек.

Дереккөз: Baq.kz
18 маусым 2018 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 131
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 326

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031