» » Атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегі артады — Вице-премьер қазақстандықтарға көрсетілетін көмек туралы

Атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегі артады — Вице-премьер қазақстандықтарға көрсетілетін көмек туралы

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексі аясында қазақстандықтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұманғариннің сөзінше, салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты инфляция деңгейі өссе, үкімет әлеуметтік осал топтар мен бюджет саласының қызметкерлеріне қолдау көрсетуге дайын. Бұл мақсатқа шамамен 800 миллиард теңге жұмсалуы мүмкін. 
"Әлеуметтік осал топтар мен бюджетке тәуелді барлық азаматтарға қатысты инфляция өзгерсе, индексация жүргізу қарастырылған. Бұл бізге шамамен 800 миллиард теңгеге түседі. Осы сома көлемінде көмек көрсетуге дайынбыз. Егер қажет болса, атаулы әлеуметтік көмек көлемін арттырамыз. Тарифтер өсіп жатыр, сондықтан тұрғын үй көмегін де көбейтуге дайынбыз", — деді министр.
Серік Жұманғариннің айтуынша, салық реформасы мұндай мүмкіндіктерге жол ашады және шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдар салық жүктемесінің өсуін сезінбейді.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойды. Құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
19 шілде 2025 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930