» » Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлем артады

Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлем артады

Қазақстанда зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен төлемдерді арттыруға Үкімет 800 миллиард теңге қарастырған. Бұл туралы Сенатта премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл шаралар салық бойынша өзгерістер мен инфляция жағдайында азаматтардың осал топтарын қорғауға бағытталған.
"Зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді индекстеуге шамамен 800 миллиард теңге қарастырдық. Бюджеттің бұған мүмкіндігі жетеді, сондықтан халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үлкен өзгеріс болмайды деп ойлаймын", - деді Жұманғарин Сенат отырысында.
Сондай-ақ, шенеунік I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін салық салынбайтын табыс мөлшері айына 289 мыңнан 1,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл 350 мың адамға 12 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.
Соның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 181,2 млрд теңге бөлінген. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адам.
25 маусым 2025 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 067

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930