» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТУДА

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТУДА


Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Биыл егіс алқаптарының құрылымы оңтайландырылып, суды аз қажет ететін дақылдардың көлемі көбейтілді. Суармалы суды үнемді пайдалану, агротехникалық шараларды күшейту арқылы өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі артып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

- Ауыл шаруашылығын дамыту - біздің өңір үшін басым бағыттардың бірі. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында салада өсім байқалды. Нақтырақ айтсақ, 31,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Биыл 189 мың гектарға жуық жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар 92 мың гектарды, мал азықтық дақылдар 73 мың гектарды, ал картоп, көкөніс, бақша өнімдері 17 мың гектарды құрап отыр. Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында күріш алқаптарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда қысқартылып, биыл 80 мың гектар жерге күріш егілді. Бүгінде күріш алқаптарының басым бөлігінде түптену, түтікке шығу, масақтану кезеңдері жүріп жатыр. Агроқолдау шараларының нәтижесінде егістік жерлерде үстеп қоректендіру, арамшөптерді жою жұмыстары уақтылы жүргізілуде. Облысқа белгіленген су лимиті - 3,9 млрд текше метр. Қазіргі уақытта Шардара су қоймасынан Сырдарияның төменгі ағысына қажетті көлемде су жіберіліп жатыр. Бұдан бөлек, қашыртқы суын тиімді пайдалану үшін облыс көлемінде 238 насос қондырғысы іске қосылды. Суды үнемдеу мақсатында биыл 60 мың гектар күріш алқабы лазерлік әдіспен тегістелді. Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын қолдану көлемі екі есеге артып, 8 мың гектардан асты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді Талғат Тұрсынұлы.

18 шілде 2025 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 890
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930