» » ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ


Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында нақты шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов мәлімдеді.

- Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету - қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі. Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғалары көбіне жүргізушілердің өз міндетіне немқұрайлы қарауынан туындайды. Жолда маневр жасау ережесін бұзу, қарсы бағытқа шығу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, жылдамдықты арттыру және ұялы телефон қолдану сынды жауапсыз әрекеттер жиі тіркелуде. Осы тәртіпсіздіктердің жолын кесу мақсатында рейдтік және профилактикалық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қызылорда - Ақтөбе бағытындағы республикалық маңызы бар жол тәулігіне он мыңға жуық автокөлікті қабылдайды. Ал соңғы жылдары көлік саны айтарлықтай өсіп отыр. Жолдың екінші санатта болуы мен транзиттік көліктер ағыны жол қозғалысының қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндіруде. Жолдағы әрбір тәртіп бұзу - адам өміріне төнген қауіп. Сондықтан біз тек айыппұлмен емес, заманауи бақылау құралдары арқылы да тәртіпті қадағалауды қолға алдық. Соның бірі - ұшқышсыз ұшу аппараттары. Қазірдің өзінде осы құрылғылардың көмегімен жол ережесін өрескел бұзған ондаған жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды. Жолдағы әрбір сапардың мақсаты - аман-есен жету. Сондықтан барша азаматтарды жол ережесін сақтап, тәртіп пен жауапкершілікті күшейтуге шақырамын. Өз өміріміз де, өзгенің өмірі де - аманат,- деді Рауан Қырымұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

11 шілде 2025 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930