» » «Қанатты қалам» қалықтаған күн

«Қанатты қалам» қалықтаған күн

Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Осы үдеден шығу үшін шығармашылық ұжым аянбай еңбек етіп келеді. Қаламгер қауымның төл мерекесіне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам – 2025» салтанатты іс-шарасы өтті. Басқосуға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, өңірдің БАҚ саласы мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау және жауапты сала басшылары қатысты.
Аймақ басшысы журна­ листерді кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі бастамалар мен жаңашылдықтарды халыққа жеткізудегі қаламгерлер рөліне тоқталды.
– Бүгінгі мереке – мерзімді басылымдар мен телеарналарда, ақпараттық агенттіктер мен сайттарда қызмет жасайтын шы­ ғармашылық өкілдерінің, журна­ лист жасаған сюжет пен жазған мақаланың техникалық, көр­ кемдік тұрғыдан толыққанды жарыққа шығуына еңбек сіңіретін оператор, дизайнер, режиссер, инженерлердің мерейлі күні.
Сіздер жаңа бетбұрыстар кезеңінде қоғам мен биліктің арасында алтын көпір болып, жұртшылыққа реформалардың маңыздылығын жеткізуде жауапты міндет атқарып келесіздер.
Аймағымызда Президентіміздің тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылған жұмыстарды, игі бастамаларды халық арасында кеңінен насихаттауда қалалық, аудандық басылымдармен қатар «Халық», «Әлімсақ», «Ұстаз мәртебесі», «Тіл сақшысы», «Сыр мектебі» секілді газет-журналдар мен интернет ресурстардағы бірнеше ақпараттық агенттік белсенді қызмет атқаруда.
Сыр өңірінің жылнамасын, Тәуелсіздік шежіресін жасаудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін сіздерге зор ризашылығымды, алғысымды білдіремін.
Ақпарат айдынында заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқара беріңіздер! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, шығармашылықтарыңызға шабыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! – деді аймақ басшысы Н.Нәлібаев.
Мерекелік жиында салаға ізденісі мен кәсіби шеберлігін арнап, оқырман мен көрермен құрметіне бөленген журналистер марапат төрінен көрінді. Олардың қатарында әріптесіміз «Қармақшы таңы» ақпараттық агенттігінің тілшісі Әлия Төремаханова да бар.
Дүйім жұрттың көзі, құлағы һәм тілі қызметін атқарып, халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын барша тілшілер қауымын төл мерекемен құттықтаймыз. Әріптестерге шалқар шабыт, тың ізденіс пен құнды оймен өсе беруді тілейміз.
«ҚТ» ақпарат
29 маусым 2025 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 980
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30