» » “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық дәлізі бойындағы қызмет сапасы назарда!

“Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық дәлізі бойындағы қызмет сапасы назарда!


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес, Қармақшы ауданына қарасты жол бойы қызмет көрсету кешендерінің сыртқы келбеті, түнгі жарықтандыруы мен мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ғалым Серікұлы жетекшілік еткен түсіндірме барысында, кәсіпорын иелеріне нысандарды әктеу, сырлау және санитарлық тазалық жұмыстарына баса мән беру қажеттілігін атап өтті.

Қазіргі таңда Қармақшы ауданы аумағында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” дәлізінің 151 шақырымы өтеді, онда 14 жол бойы қызмет көрсету кешені жұмыс істейді. Оның 12-сі Ұлттық стандартқа сай келеді:
• А санаты – 1
• В санаты – 1
• С санаты – 7
• Д санаты – 3
• Санаты жоқ – 2

Бөлім тарапынан бұл нысандарға тазалық жөнінде тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

Қызмет көрсету сапасын арттыру – ауданымыздың туристік тартымдылығын дамытудағы маңызды қадам!

18 маусым 2025 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 067

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930