» » «Экономикалық штаб: Қазақстан ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек?»

«Экономикалық штаб: Қазақстан ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек?»

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.
Өнеркәсіп экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып қала береді: 2024 жылғы қорытынды бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамыр айларында сала 6,4%-ға өскен. Дегенмен, қарқын бәсеңдеп барады: бір ай бұрын өсім 6,6%-ды құраған. Оның басты себебі – өндірістің өскеніне қарамастан өңдеу өнеркәсібінің баяулауы. Өнеркәсіптік өндіріс индексінің төмендеуі үш өңірде: Шығыс Қазақстан облысы (90,4%), Ұлытау облысы (96,2%) және Қостанай облысында (97,6%) тіркелді.
Өңдеу жоспарынан артта қалу, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібінің 40%-ын құрайтын металлургиямен байланысты. Кеңесте басқа сегменттердегі – машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі өсу әлеуеті де қарастырылды.
Белсенді өсу қарқыны бар тағы бір сала – құрылыс. Оның 5 айдағы өсімі 15,4%-ды, жұмыс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Алайда, екі өңір, Атырау мен Ұлытау облыстары артта қалып келеді. Атырауда (жоспардың 43,2%) ТШО жобасы шеңберінде зауыт жұмысының тоқтауына байланысты, Ұлытауда (78,4%) тау-кен өндіру саласындағы нысандар салу мен жөндеудің қысқаруына байланысты қарқын бәсеңдеген.
Тұрғын үй құрылысы саласында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Соңғы 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.
«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
16 маусым 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

№42 (10410)

10 маусым 2025 ж.

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 927
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30