» » АБЗАЛ ЖАНДАР АБЫРОЙЫ

АБЗАЛ ЖАНДАР АБЫРОЙЫ

Мамыр айының басында облыста денсаулық сақтау саласының ардагерлерi Сағындық Шамшиевтiң 80 жас және Абдулла Шүленбаевтың 75 жас мерейтойларына арналған Қызылорда облысының медицина қызметкерлерінің 57-шi спартакиадасы басталған-ды. Дүбірлі жарыс «Медицина қызметкерлері күні» қарсаңында өз мәресіне жетіп, қорытындыланды.
Қорытынды шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы қатысушыларға кәсіби қызмет пен салауатты өмір салтын қалыптастыруды қатар алып жүргендері үшін алғысын білдіріп, жеңістерiмен құттықтады. Іс-шараға одан бөлек сала ардагерлері мен емдеу ұйымдарының басшылары қатысты.
Айта кетейік, бiр айдан аса уақытқа созылған спорттық жарыста спорттың 9 түрінен ойын ұйымдастырылды. Олар – арқан тартыс, эстафета, ұзындыққа секіру, үстел теннисі, волейбол, шағын футбол, бес асық, асық ату және тоғыз құмалақ ойындары. Спартакиадаға медицина ұйымдарынан барлығы 27 команда қатысып, бақ сынасты.
Нәтижесінде облыстық психикалық денсаулық орталығының спорттық командасы I орын иеленсе, облыстық жедел жәрдем стансасы II орын, ал Қармақшы аудандық ауруханасының командасы III орынды қанжығаларына байлады. Жарысқа қатысқан барлық командаға Алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
14 маусым 2025 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930