» » ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ТУРИСТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ТУРИСТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбек саласын цифрландыру, туристерге қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте жұмысшылардың құқықтарын қорғауға, шетел азаматтарының елде болу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар жүктелді.
«Инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын мердігер мекемелер жұмыскерлермен еңбек шартын жасасуы тиіс. Мекемелер мен кәсіпорындарда жалақының уақытылы төленуін бақылап, еңбек дауларының алдын алуда тұрақты мониторинг жүргізу маңызды. Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жедел жасап, бұл жұмысты қатаң қадағалауға алыңыздар. Ұжымдық шарттар жасасу ісін жандандырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіздер.
Шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде туристік полиция бөлімшесін ашу мүмкіндігін зерделеу керек. Өңірге келуші туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру, қонақүй, мейрамхана бизнесіндегі сервистік қызметті жетілдіру, гидтерді даярлауда үздік мамандарды қатыстырып семинар-тренингтер ұйымдастыруды қамтамасыз етіңіздер», – деді Н.Нәлібаев.
Аймақта еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 856 кәсіпорынмен жұмыс жүргізіліп, 222 жұмыс беруші 7 мыңнан астам жұмыскермен жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасты. Бүгінде облыстың 4 379 кәсіпорнындағы 139 481 жұмыскердің еңбек шарты «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізілген. Жалпы құны 1 трлн 100 млрд теңге болатын 43 жоба «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасына тіркелген. Биыл қолға алынған 24 жоба аясында мердігер мекемелер мен жұмыскерлер арасында еңбек шарттарының жасалуына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 маусым 2025 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031