» » Жоғары мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен халыққа медициналық көмек көрсетуде

Жоғары мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен халыққа медициналық көмек көрсетуде


8 маусым айынан бастап Қызылорда облыстық онкологиялық орталық жанынан жасақталған арнайы жылжымалы медициналық кешен Қармақшы Ауданы, Дүр Оңғар ауылының халқына медициналық көмек көрсетуді бастады.

16 маусым айына дейін ауыл тұрғындарына қызмет ету жоспарда. Жылжымалы медициналық кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылдық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен, жоғары негізде зерттейтін комьютерлік томографпен жабдықталған.

Екі көліктен тұратын жылжымалы медициналық кешен жабдықтары Жапон елінде жасалынған.

Жоғары санаттағы жылжымалы медициналық жабдық Қазақстан бойынша тұңғыш рет қолданысқа енгізіліп, тұрғындарға жоғары медициналық көмек жасауда. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындары жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлерін өз ауданымыздан алуға қол жеткізіп отыр, бұл әсіресе қарт адамдар мен көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар үшін өте маңызды.

Медициналық сақтандыру мәртебесі бар және жоқ тұрғындардың барлығы тегін медициналық тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек ала алады.

Бұл заманауи үлгідегі жылжымалы медициналық кешен «Қазақстан халқы» қоғамдық қоры арқылы алынуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, Қызылорда облысы әкіміне, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғысымыз шексіз.


09 маусым 2025 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031