» » Тиімді жылжымалы медициналық көмек

Тиімді жылжымалы медициналық көмек

qarmaqshy-tany.kz Қазақ атамыз «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде» дегенді бекер айтпапты. Бас ауырып, балтыр сыздай қалса, маңдай тірейтін жер сол алдымен медициналық мекеме. Осыннан қаншама адам деніне шипа тауып, сауығып жатады. Дертінен айығу үшін ең бірінші науқастың диагнозы дұрыс қойылуы керек. Одан да бұрын әлі асқына қоймаған аурудың алдын алу бәрінен маңызды. Осы қағиданы мақсат еткен облыстық онкологиялық орталығы мамандарының жетекшілігімен жылжымалы медициналық кешен өткен аптада Жосалы кентінде болып, тұрғындарға тегін қызмет көрсетті.
Халыққа қызмет көрсету іс-шарасы – «Жылжымалы» медициналық кешендер және медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес ұйымдастырылған. Мақсаты – адамдарды жылжымалы медициналық зерттеу түрлерінен өткізу, онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте сатысында анықтау болып табылады.
Тұрғындарға қызмет көрсетуде онколог, рентгенолог, УДЗ дәрігерлері мен рентген лаборант маманы аудан бойынша жалпы саны 160 келушіні қабылдап зерттеуден өткізсе, олардың арасынан 8-і қатерлі ісікке күмәнді ретінде анықталған. Сондай-ақ арнайы бағдарламамен 90 адам, МӘМС жүйесінде «сақтандырылмаған» мәртебесі бар 70 тұрғын денсаулығын тексерткен.
– Қалаға барып қаралуға кейде уақытымыз бола бермейді. Бірақ қарап тұрсақ, денсаулықтан артық не бар. Ауырсаң қандай күйге түсеріңіз белгілі. Жылжымалы кешен қызметіне көптен-көп рақмет айтамыз. Алдағы кезде де осындай тексерулер жүргізіліп тұрса, тіпті жақсы болар еді, – дейді кешен қызметін алған бір топ тұрғын.
«Қт» ақпарат
17 қаңтар 2024 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930