» » Жол саласында кәсіби маман тапшы

Жол саласында кәсіби маман тапшы

Елімізде жол саласында маман тапшы. Бүгінде статистикалық деректерге сүйенсек, автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстарына 3 мыңдай кәсіби маман қажет. Кадр қат кезде жастардың қызығушылығын көптеп осы бағытқа бұру керек.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы бірнеше жылдан бері республика көлемінде «2000 мектеп» жобасын қолға алып, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беріп келеді. Мәселен, қызылордалық жолшылар өткен оқу маусымында 25 білім ордасына арнайы барып, 9-11 сынып оқушыларына жол мамандығы туралы кеңінен мағлұмат берді. Мұнан бөлек, орталық ғимаратында 10 жуық «Ашық есік» күнін ұйымдастырып, 400 жуық мектеп оқушысы мен жоғары және арнаулы оқу орындарынан 200-ден аса студент жол зертханасының жұмысымен танысып, асфальт-бетон жабындыларынан сынамалар қалай алынатынын көзбен көрді. Бүгінде бұл процестердің барлығы заманауи автоматтандырылған қондырғылармен жүргізіледі. Сондықтан, біраз жастың қызығушылығы оянып, жол маманы болуға ниет білдірді.
  • Біздің мақсатымыз жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оларды қазір еңбек нарығында сұранысқа ие жол мамандығын таңдауға шақыру. Елімізде жол құрылысы бойынша оқытатын жоғары оқу орындары жетерлік. Тіпті, Көлік министрінің ұсынысымен жол мамандығына берілетін грант саны да ұлғайды. Мысалы, бізде асфальт төсейтін техника /укладчик/ басқаратын, каток айдайтын мамандар аз. Ал олардың жалқысы 400-500 мыңнан басталады. Басқа да бағыттар бойынша білікті кадрлар жетіспейді. Сондықтан, барша мектеп бітіруші түлектерді, колледж жастарын жолшы болуға шақырамыз»,- дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ҚОФ директоры Мақсат Асхатұлы.
Айта кетейік, биыл еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі жол құрылысы мамандығына 7 мыңнан аса грант бөлген. Яғни, мектеп бітіруші түлектер үшін ақысыз негізде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықта оқуына үлкен мүмкіндік беріліп отыр.
09 маусым 2025 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 888
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30