» » ОБЛЫС ӘКІМІ NOMAD WRESTLING ТУРНИРІНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ NOMAD WRESTLING ТУРНИРІНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Nomad Wrestling турнирінің екі дүркін чемпионы Азамат Бақытовпен кездесіп, спортшыны кезекті жеңісімен құттықтады.
«Сыр топырағынан түлеп ұшқан, қазақтың намысын қорғайтын, әлемдік додаларда көк туын желбірететін спортшылардың көбейгені – біз үшін мақтаныш. Сенің спорттағы жетістіктерің жастар үшін үлгі, табандылықтың, тәртіптің және нағыз балуан рухының символы. Алдағы уақытта да жеңісті күндерің көп болып, еліміздің мәртебесін арттыруға атсалыса бергейсің», - деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, Сыр өңірінде спорт саласын серпінді дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары аймақтың спорттық инфрақұрылымын ілгерілету ерекше басымдыққа ие.
Облыс орталығы мен аудандарда 10-нан аса соңғы үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді.
Ілкімді істердің арқасында спортшыларымыз жыл басынан бері Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарынан 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 28 алтын, 39 күміс, 56 қола медальға қол жеткізді.
Өңірде бұқаралық спортпен айналысушылар саны да жылдан жылға артып келеді. Қазіргі таңда 342 223 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 маусым 2025 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930