» » АҚМЕШІТ ҚАЛАЙ ҚЫЗЫЛОРДА БОЛДЫ?

АҚМЕШІТ ҚАЛАЙ ҚЫЗЫЛОРДА БОЛДЫ?

Тарихқа үңілсек, Қызылорда атауы кезінде большевиктердің көңілінен шығу үшін «Қызылдардың ордасы» деп қойылғаны белгілі. Ал жалпы қала тарихы туралы не білеміз? Ақмешіт қалай Қызылорда атанды?
Кейбір дереккөздерге сүйенсек, Қожанов іспетті ел ағалары Ақмешітке Қызылорда деген атау беріпті» дейді. Ал енді бірі «Әсілінде, бұл атауды ұсынған ағартушы ғалым Қоңырқожа Қожықов еді» дегенді де алға тартады.
Қазақ балалары үшін оқулық жоқ кезде алғаш әліппе жазған ағартушы, Қыз Жібектің режиссері Сұлтан Қожықовтың әкесі Қоңырқожа Ақмешітті Қызылорда етуіне мына себепті айтады: «Бұл – қос қатпарлы атау. Ол екі жақты да қанағаттандыруы тиіс, «қызыл», демек, большевиктерге ұнайды, ал «орда» – ұлттық атау. Демек, ол жақтан да, бұл жақтан да кінә арта алмайды».
Алайда филологтар «Қызылорданың түпкі мәні – Алтын орда» дейді. Себебі, түркі тілдерінде «қызыл» сөзі алтын дегенді білдірген. Мысалы, біздің «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген мақал түркімен тіліндегі «Ғызыл гөрсе қызыр йолан асар», ал якут тіліндегі «Алтынды қыһыл көмүс» дейді. Ал шайбани хан сөздігінде «Қып-қызыл алтын» десе, Қорқыт ата кітабында да қызылды алтын мәнінде қолданған. Сондықтан, алғашқы театр қойылымы қойылып, «Жас қайрат», «Лениншіл жас», «Еңбекші қазақ» іспетті барлық республикалық газеттер шыққан жер, Қорқыт ата, Әйтеке би, Жанқожа, Мұстафа Шоқай мен Темірбек Жүргеновтің өлкесі – Қызылорданы айтқанда, большевиктерге жағыну емес, алтын орданы қаперіңізде ұстаңыз дегім келеді.
Айым ӘБУТӘЛІП
04 маусым 2025 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930