» » Қазақстандық жедел жәрдемге қоңырау шалғаны үшін көлемді айыппұл арқалады

Қазақстандық жедел жәрдемге қоңырау шалғаны үшін көлемді айыппұл арқалады

Ақтауда 29 жастағы ер адам "жедел жәрдемге" қоңырау шалып, көп таблетка ішіп қойғанын хабарлаған. Алайда бұл әзіл болып шықты, енді оған ірі көлемде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аймақтық басылымның мәліметінше, оқиға 22 мамыр күні сағат 22:00-де болған. "103" қызметінің пультіне Ақтау тұрғынынан дәрі-дәрмекті көп мөлшерде қабылдағаны туралы хабарлама түскен.
"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен кезде, ер адам мұны жай ғана әзіл үшін жасағанын мойындады", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Шақырту жалған деп танылып, азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Нәтижесінде, арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін Ақтау тұрғынына 117 960 теңге көлемінде айыппұл салынды.
25 мамыр 2025 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 802

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930