» » БАСТЫ ОРЫНДА – БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ

БАСТЫ ОРЫНДА – БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ

Елімізде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Бала – мемлекетіміздің болашағы, ұрпақ жалғастығы. Ертеңгі күнімізден зор үміт күтетініміз де сол балалар.
Отбасында ата-ана перзентінің тәрбиелі, білімді болуын қадағаласа, дәрігер қауым әр баланың денсаулығы жақсы болса екен деп жай тілеп қоймай, сол бағытта көптеген жұмыс атқарады. Себебі саламатты қоғамды құратын да, денсаулығы жақсы, ұзақ өмір сүретін адамдар. Сол үшін де ақ халатты абзал жандар болашағымыз саналатын – балаларымыздың жолы ашық, бақытты өмір сүргенін қалаймыз. Бұл мереке – балақайларымыздың жарқын болашағына деген сенімнің айқын көрінісі десек болады.
Айтулы мереке қарсаңында аудандық ауруханада «Дәрігер – балалардың жанашыры» тақырыбында балаларды қорғау күніне арналған 22-31 мамыр аралығында апталық басталды. Онда балалар денсаулығына арналған Ашық есік күні өткізіліп, бейім мамандармен қаралу ұйымдастырылады. 26 мамырда балалар арасында Денсаулық күніне орай таңертеңгілік жаттығу жүргізіледі. Осы іс-шараларға ата-аналар мен балаларды қатысуға және белсенділік танытуға шақырамын.
Парида САРЫБАЕВА,
аудандық емхана бас дәрігерінің «Ана мен бала»
жөніндегі орынбасары
24 мамыр 2025 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031