» » Халықаралық конференция делегаттары Жаңақорған, Шиелі аудандық ауруханаларының жұмысымен танысты

Халықаралық конференция делегаттары Жаңақорған, Шиелі аудандық ауруханаларының жұмысымен танысты

15 мамыр күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі делегациясының, республикалық медициналық ұйымдар мен өңірлердің денсаулық сақтау басқармасы басшылары Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында делегаттарға аймақ бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы Жаңақорған ауданындағы «Қамқорлық» оңалту орталығы, «Төменарық», «Алмалы» ауылдық амбулаториялары және Шиелі аудандық көпсалалы орталық аудандық ауруханасы ғимаратының қосымша блогының құрылысымен таныстырды.
Жұмыс сапарында медицина ұйымдарының басшыларына таныстырылған «Қамқорлық» оңалту орталығында балалардың сауығып кетуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда орталық емдік дене шынықтыру бөлмесі, массаж, ойын бөлмелері мен оңалту құралдары секілді керек-жарақпен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек монтессори педагогикасы науқастардың үй жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
15 төсек орынға арналған «Төменарық» дәрігерлік амбулаториясы өткен жылы ашылған болатын. Дәрігерлiк орталық Төменарық аумағында орналасқан Сүттіқұдық, Сунақата, Екпінді, Еңбек, Қожамберді, Жайылма елді мекендерінің 10 мыңнан аса тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына сәйкес, Шиелі аудан аралық ауруханасы көп бейінді аурухана болып өзгеруіне байланысты медициналық қызмет түрлерін кеңейту мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылуда. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан МРТ медициналық аппаратымен жарақтауды жоспарлап қойды. Бүгінде аудандық аурухана жанынан қосымша корпус құрылысы аякталды. Магнитті резонансты томаграфия жыл соңына дейін алынады деп күтілуде.
«Алмалы» дәрігерлік амбулаториясы да 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына сәйкес пайдалануға берiлді. Қазіргі таңда 1373 халыққа жалпы дәрігер бөлмесі, күндізгі бөлім, емшара және егу бөлмелерi секілді 14 кабинет қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, 16-17 мамыр күндерi каламызда «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткiзiлмек. Аймағымыздың медицина саласы үшін бұл іс-шараның маңызы зор болмақ.
16 мамыр 2025 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930