» » +44 градусқа дейін аптап және бұршақ: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

+44 градусқа дейін аптап және бұршақ: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

"Қазгидромет" синоптиктері 15, 16 және 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аптаның басында Иран аумағынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райын сақтайды. Күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстік өңірлерде 35-44 градусқа дейін, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 35-37 градусқа дейін ыстықты көрсетеді. Абай және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды облысында 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Алайда 16 мамырда атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау облысында жаңбыр болжанған.
"17 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай соғып, жаңбыр, бұршақ, кей өңірлерде нөсер мен дауылды жел күтіледі. Осыған байланысты солтүстік аймақтарда күндізгі температура 18-28 градусқа дейін төмендейді. Алайда оңтүстік өңірлерде әлі де 43 градусқа дейін қатты ыстық сақталады", – дейді синоптиктер.
Ел бойынша жел күшейіп, оңтүстікте құмды дауыл соғуы мүмкін.
15 мамыр 2025 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930