» » Кірпіш зауыты жақын күндері іске қосылады

Кірпіш зауыты жақын күндері іске қосылады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Өндіріс» индустриялық аймағындағы заманауи кірпіш зауытының құрылыс барысымен танысты. 
«Қызылорда Саз М» ЖШС кірпіш зауытын орналастыру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі бөлінген. 
Зауыттың құрылыс жұмыстары 98% аяқталды. Жабдықтарды монтаждау жұмыстары 100% орындалды.  Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың құрылысы 80% біткен, сырты қапталып болды. Қазір аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 
Мұнда негізгі техникалық құрылғылар орнатылып, өндіріс процесі автоматтандырылып, баптау жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына 90 миллион дана кірпіш өндіреді деп күтілуде, 70 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл кірпіш зауытының басты ерекшелігі – өндіріс толық автоматтандырылған. Жаңа технологиялар өндіріс тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
12 мамыр 2025 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 964
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930