» » Ертең екі өңірде аптап ыстық болады деп болжанады

Ертең екі өңірде аптап ыстық болады деп болжанады

Дүйсенбіде елімізге оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер әсер ететін болады. Бұл Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатының қалыптасуына алып келеді.
Найзағай ойнап, бұршақ түседі, жел екпін алып, жаңбыр жауады деп күтіледі, түнде батыс өңірде нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, - дейді "Қазгидромет" РМК.
Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-батысында тұман болады деп күтіледі.
Бірақ Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болады деп болжанады. Термометр бағаны күндіз +35 + 38 градус ыстыққа дейін көтеріледі.
Маңғыстау, Қарағанды, Жетісу, Түркістан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік жартысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Батыста, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
12 мамыр 2025 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930