Құрылтай
» » Бүгін 11 өңірде аптап ыстық болады

Бүгін 11 өңірде аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 10 маусымда еліміздің бірқатар облыстарында қатты ыстық күтіледі. 
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР территориясының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағаймен жаңбыр, еліміздің солтүстігінде – қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшеюі мүмкін. 
Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Ұлытау, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының және Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды, облысының оталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
kaz.inform.kz
10 маусым 2024 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 508
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 996

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031