» » Биыл Құрбан айт қай күнге түседі?

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі?

Ұсынылған күндер Хижри күнтізбесіне және халықаралық астрономиялық есептеулерге сүйене отырып анықталған.
Қазақстанда Құрбан айт мерекесі биылғы жылы 6 маусымда басталады. Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Ұсынылған күндер Хижри күнтізбесіне және халықаралық астрономиялық есептеулерге сүйене отырып анықталған. 2025 жылғы Құрбан айт 6, 7 және 8 маусым күндеріне сәйкес келеді. Айттың бірінші күні – 6 маусым бейсенбіге түсіп, елімізде ресми демалыс күні болып есептеледі.
Сонымен қатар пәтуа бөлімінің мамандары ай күнтізбесіне негізделген діни мейрам күндері айдың тууы мен көрінуіне қарай сәл өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Яғни, көрсетілген мерзім нақты астрономиялық бақылауларға байланысты бір күнге ілгері не кейін жылжуы ықтимал.
Құрбан айт – мұсылмандар үшін қасиетті әрі маңызды мейрам. Бұл күндері айт намазы оқылып, тұрмысы жеткілікті жандарға құрбандық шалу парыз болып саналады. ҚМДБ ережесіне сай, құрбандықты айт намазынан кейін бастап, үш күн ішінде шалуға болады.
10 мамыр 2025 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930