» » TurkicSkills-2025: тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өтеді

TurkicSkills-2025: тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өтеді

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылдың күзінде ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы танылған Ақтау қаласында өтеді.
Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама. Чемпионат жастардың әлеуетін ашуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге және уақыт талабына сай білікті жаңа буын кадрларын даярлауға арналған маңызды алаң болмақ.
Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде. Қатысушы елдер қатарында: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия бар.
Жарыстар ақпараттық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік технологиялар, әлеуметтік және жеке қызметтер сынды 15 негізгі құзыреттілікті қамтиды. Әсіресе мобильді робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару сияқты болашағы зор бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді.
Чемпионатты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады. Жобаны жүзеге асырушы — ҚР ОМ жанындағы «Talap» КЕАҚ және Маңғыстау облысының әкімдігі.
09 мамыр 2025 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031