» » Отан қорғаушы күніне орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері марапатталды

Отан қорғаушы күніне орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері марапатталды

Отан қорғаушы күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беретін 40 мұғалімді ведомстволық наградалармен марапаттады. Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров қатысты.

Министр ұстаздарды мерекемен құттықтап, жастарды азаматтық және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеуде олардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп спорт секцияларын дамыту, АӘТД кабинеттерін жабдықтау, әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастыру, «Жас сарбаз» қозғалысын қолдау және кадрлар даярлау сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда еліміздің мектептерінде 5 мыңға жуық АӘТД пәнінің мұғалімі қызмет етуде. Бұл пән жас ұрпақты тәртіпке, жауапкершілікке баулып, әскери қызмет пен Отанға деген құрметті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сіздер – елін сүйетін, бейбітшілікті қадірлей білетін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, ерлік пен азаматтық борыштың мәнін ұғындырып келесіздер», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.

Кәсіби шеберлігі мен тәрбие ісіне қосқан үлесі үшін 9 педагог «Еңбек ардагері» медалімен, ал 30-дан астам мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Жиын соңында министр ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, педагог мәртебесін көтеру мен қолдаудың министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
05 мамыр 2025 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031