» » БЕЙБІТШІЛІК пен КЕЛІСІМ МЕЙРАМЫ

БЕЙБІТШІЛІК пен КЕЛІСІМ МЕЙРАМЫ

Әр халықтың дамуы мен өркендеуі үшін ең басты құндылық – бірлік пен татулық. Қазақстанда бұл ұғымдар ерекше маңызға ие. Қазақстан – әлемге татулығымен, бірлігімен танылған мемлекет. Осындай биік ұғымдардың нышанына айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке еліміздегі түрлі этностар мен ұлыстардың достығы мен ынтымағын паш ететін, мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығы мен қоғамдық келісімнің айғағы ретінде аталып өтеді. Халқымыздың ауызбірлігін, достығы мен өзара түсіністігін көрсететін маңызды күндердің бірі болып саналатын бірлік күні – бейбіт өмірдің, ынтымақтың және тұрақтылықтың символы.
1995 жылы Тұңғыш Президент Нұр сұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде ресми түрде бекітілді. Бұл шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. КСРО ыдырап, әр ел өз тәуелсіздігін жариялаған кезде, көптеген мемлекет ішкі этностық жанжалдарға ұшырады. Ал Қазақстан, керісінше, әртүрлі ұлт өкілдерінің бейбіт және тату өмір сүруін басты құндылық ретінде бекітті. Сол уақыттан бері Бірлік күні жыл сайын ел көлемінде кеңінен тойланып келеді.
Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олар қазақ жерін өздерінің ортақ Отаны санап, бір шаңырақ астында татулық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бұл – рухани биіктіктің, адамгер шілік пен төзімділіктің жемісі.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бүгін де елімізде қазақтармен бірге орыстар, өзбектер, ұйғырлар, украиндар, татарлар, немістер, кәрістер және басқа да көптеген этнос тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әр этностың мәдениеті мен дәстүрлері Қазақ станның рухани байлығын құрайды.
Еліміздегі татулықтың жарқын үлгісі Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақ тылықтың алтын арқауы. 1995 жылы құрылған бұл институт этностар арасындағы татулықты сақтау, әр ұлттың тілін, дәс түрін, мәдениетін дамыту бағытында зор еңбек сіңіріп келеді. Ассамблея өкілдері мемлекеттік бағдарламаларға белсене араласып, қоғамдағы бірлік пен бейбітшілікті нығайту жолында жұмыс істейді.
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері – бірліктің, бейбітшіліктің, келісім мен тұрақ тылықтың нәтижесі. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Еліміздің өсіп-өркендеуі, дамуы, әлем алдындағы абыройы – барлығы да ел ішіндегі татулық пен түсіністіктің арқасы.
Бүгінгі таңда жастар арасында да бірлік пен ынтымақ идеяларын насихаттау аса маңызды. Олар ата-бабалардың аманатын жалғастырып, көпұлтты Қазақстанды одан әрі нығайтуға міндетті.
Бірлік пен ынтымақ – мемлекет дамуы ның басты қозғаушы күші. Экономикасы қуатты, мәдениеті бай, ғылымы дамыған елдердің барлығы ішкі тұрақтылық пен халықтың татулығы арқасында биік жетіс тіктерге жетіп отыр. Қазақстан да осы жолды ұстанып келеді. Мемлекетіміздің әр азаматының бейбітшілік пен келісімнің сақталуына қосқан үлесі – болашақ ұрпақ үшін баға жетпес мұра.
Бірлік күні – ұлт пен ұлыс өкілдерінің мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін паш ететін ерекше мереке. 1 Мамыр – еліміздегі әрбір азаматтың жүрегінде бейбіт өмір мен бауыр малдықтың, сыйластық пен достықтың шын мәніндегі салтанаты. Бұл күні еліміздің түкпіртүкпірінде түрлі мәдени іс-шаралар, достық фестивальдары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен қолөнер көрмелері ұйымдастырылады. Ұлт өкілдері өз өнерін көрсетіп, көпшілікпен қуанышын бөліседі. Осылайша, бірлік күні әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елжандылық сезімін күшейтетін ерекше мерекеге айналған.
Бүгінгі Қазақстан – көпұлтты ел ғана емес, ол – бірлігі жарасқан, болашағы берік мемлекет. Бірлік күні өткенге тағ зым етіп, келешекке сеніммен қарауға шақыратын, халықтар достығы мен татулығын дәріптейтін маңыздылығымен ерекшеленеді. Бұл мереке – әр ұлт өкілінің елімізді ортақ үйіміз деп санайтынын, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жат қанын дәлелдейтін жарқын көрініс.
Бейбіт өмір мен келісім әрқашан салтанат құрып, еліміздің іргесі сөгілмей, бірлігі нығая берсін!
Лаура БАҚТЫБАЕВА
01 мамыр 2025 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 794
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031