» » Министрмен кездесу

Министрмен кездесу

Жуырда Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесті. Кездесуге Қызылорда облысынан 15 адамнан құралған делегация барды. Оның ішінде аудандық психологиялық педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Ләззат Мұсаева да бар.
Кездесу 2 бөлім бойынша өтсе, оның алғашқы бөлімінде Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева саладағы нормативтік құқықтық актілерге кеңінен тоқталып, өзгерістер енгізілген заңдар мен бұйрық тарды түсіндірді. Сонымен қатар мамандармен сұхбаттасып сұрақ-жауап алмасты.
Кездесудің келесі бөлімінде министр Ғани Бейсембаев мамандардың арнайы баяндамаларын тыңдады. Шара барысында біздің облыстан №5 мектеп-интернаттың басшысы Жамбыл Ахметов баяндама жасап, интернаттың жұмысымен таныстырды. Баяндама министр көңілінен шығып, облыстағы жұмыстың нәтижені екенін айтып, баяндамашыға ризашылығын білдірді.
Мұнан өзге жиын барысында арнайы білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жұмыстар таныстырылды. Оның ішінде осы жылдың күзінде Алматыда инклюзия және арнайы білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар мен шетелдік білім министрлерінің қатысуымен арнайы жиын өтеді деп жоспарлануда. Бұл хабарды Оқу-ағарту министрі арнайы білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесуде мәлім етті. Министрдің айтуынша, инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту – мемлекеттік саясаттың басты басымғының бірі. 2023 жылы министрлік құрылымында арнайы департамент құрылды және ол осы бағыттағы жұмысты жүйелеуге мүмкіндік берді. Бір жылдың ішінде шамамен 20-ға жуық нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Мемлекетбасшысының тапсырмасына сәйкес «Арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларды кешенді қолдау туралы» заңы әзірленуде.
– Қолжетімді білім беру ортасын құру – тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің негізі. Қазіргі таңда біз осы салада заңнаманы жетілдіруден бастап, инфрақұрылымды жаңғырту мен кадрлық әлеуетті дамытуға дейінгі толыққанды қолдау жүйесін біртіндеп қалыптастырып келеміз. 2028 жылға дейін барлық арнайы білім беру ұйымдары заманауи материалдық-техникалық базаға ие болуы тиіс. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби әлеуетін, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын арттыру және отбасыларға жүйелі қолдау көрсету де маңызды, – деді министр.
Айта кетейік, бүгінде еліміздегі мектеп тердің 90 пайызында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Арнайы психо логиялық-педагогикалық қолдаумен қам тылған балалардың үлесі 85 пайызға жетті. Педагог-ассистент, арнайы педагог, жеке көмекші жаңа лауазымдары енгізілді. Үш деңгейлі сүйемелдеу моделі жүзеге асырылып жатыр. Жалпы елімізде 504 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 235 мыңнан астам бала оқиды. Сондайақ министрлік үздіксіз инклюзивті білім берудің Ұлттық орталығын құру туралы шешім қабылдады.
Кездесу соңында министр кәсіби қыз метте жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтерге ведомстволық марапаттар табыс етті.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
20 сәуір 2025 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930