» » АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?


Интернет алаяқтық – заманауи технологиялардың дамуына байланысты кең таралған қылмыс түрі. Біздің елімізде де бұл мәселе өзекті болып отыр. Себебі жыл сайын мыңдаған азаматтар киберқылмыскерлердің құрбанына айналуда. Түрлі желілер арқылы алаяқтардың арбауына түскен азаматтардың саны аз емес. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық полиция департаментінің киберпол басқармасы бастығының орынбасары Тимур Хамитов интернет алаяқтықтың алдын алу үшін өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.

– Интернет алаяқтықтың басқа қылмыстарға қарағанда басты ерекшелігі – жалпақ жұрттың бәріне қатысты жасалуында болып отыр. Ол дегеніміз - қолында компьютер, смартфон, планшеті бар адам кез келген уақытта интернет алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін. Қылмыскерлер уақыт талабынан қалмай, азаматтардың ақшалай қаражатын жымқырудың түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануда. Әсіресе, олар әлеуметтік желілердің мүмкіндігін ұтымды пайдаланып отыр. Өңірде жыл басынан бері 298 дерек тіркеліп, ол жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 37,3 пайызын құрап отыр. Жыл басынан бастап облысымызда 118 интернет-алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен 41 қылмыстық іс өндірістен аяқталып, түпкілікті шешім қабылданған. Қазіргі уақытта өңірімізде ең жиі кездесіп жүрген бірнеше интернет алаяқтықтың түрлері бар. Ең жиі кездесетіні – өзін ұялы байланыс операторы немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректеріңізге қол жеткізгісі келеді. Айта кету керек, Қазақстанның байланыс операторлары алаяқтық мақсатпен шетелден қоңырау шалатын нөмірлерді бұғаттайды. Осы уақытқа дейін 50 миллионнан астам қоңырау бұғатталған. Облысымызда интернет-алаяқтық қылмыстарымен айналысу мақсатында «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы» құрылып, арнайы ақпараттық техникалармен жабдықталып ашу бағытында жұмыстарды атқаруда,- деді Тимур Зуфарұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 сәуір 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930