» » Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз


Бүгінде әлеуметтік желіде интернет алаяқтарының дәурені жүріп тұр. Өзгенің затын заңсыз иеленіп, оңай олжаны қалтасына басқысы келетін адамдардың саны күн өткен сайын артуда. Мәселен, жыл басынан бері облыста 182 алаяқтық қылмыс тіркелсе, оның 52-сі интернет алаяқтық қылмысына жатады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Баймағанов интернет алаяқтарының алдын алу шаралары туралы ақпаратымен бөлісті.

- Қазіргі таңда ғаламтор желісі арқылы жасалған қылмыстарды болдырмау, оларды ашу бағытында Қызылорда қалалық полиция басқармасында тұрақты “CyberPol” жедел тергеу тобымен жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Алаяқтықты жасаудың негізгі және басты себептері азаматтардың сенгіштігі болып отыр. Осындай қылмыстарды ашу және тергеуде біршама қиындықтар бар. Өйткені, қылмыскер үшінші адамға тіркелген әртүрлі банк карталарды, сондай-ақ әртүрлі абоненттік нөмірлерді, ақша қаражаттарын шешіп алу үшін жалған адамдарды пайдаланады. Аталған қылмысты ашу үшін заң жүзінде алынған деректерді мұқият талдау қажет және бұл нақты ұзақ уақытты талап етеді.
Бүгінде интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында біршама іс-шаралар атқарылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы, қандай сақтық шараларын сақтау керектігі де түсіндіріліп жатыр. Алаяқтардың арбауына түспеу үшін тұрғындар сақтық шаралары ретінде жеке деректерін қатаң сақтауы керек. Оған қоса өзіне тиесілі пластикалық карталардың мәліметтерін, смс кодтар мен құпия сөздерді ешкімге айтпауға және белгісіз әрі тексерілмеген сайттарға төлем жасамауларын сұраймын. Сонымен қатар, ұялы телефон мен компьютерге TeamViewer, AnyDesk және RustDesk деп аталатын арнайы бағдарламаларды орнатпауға шақырамын, - деді полиция подполковнигі Мақсат Баймағанов.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

25 сәуір 2024 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930