» » Қазақстанда жоғары жалақы алатындарға салықты көтеру ұсынылды

Қазақстанда жоғары жалақы алатындарға салықты көтеру ұсынылды

Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин табысы жоғары қазақстандықтар үшін жоғары табыс салығын енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жылдық табысы 8 500 АЕК-тен асатындар туралы сөз болып отыр, бұл - 33 миллион 422 мың теңге.
"Жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатын жұмысшылар үшін 15 пайыз деңгейінде жоғары мөлшерлеме белгілеу ұсынылады. Бұл жоғары табысқа қосымша салық салынатын механизмді құруға мүмкіндік береді", - деді Жұманғарин Мәжіліс отырысында.
Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кіріске 10 пайыз мөлшерінде корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі бойынша салық салынбақ. Қазір олар салық салудан босатылған.
"Квазимемлекеттік сектордың бағалы қағаздары бойынша табысқа да салық салу ұсынылады. Бұл ретте экономиканың нақты секторын қолдау және инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту үшін "Бәйтерек" холдингінің бағалы қағаздарынан түсетін кіріске 2030 жылға дейін салық салудан босату ұсынылады. Бұл экономикаға жыл сайын 10 триллион теңге көлемінде қаржы құюға мүмкіндік береді", - деді министр.
10 сәуір 2025 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930