» » Қазақстанда жаңа айыппұл күшіне енді

Қазақстанда жаңа айыппұл күшіне енді

Қазақстанда тағы бір айыппұл күшіне енді. Сауда және интеграция министрлігі толығырақ түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2024 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне (ӘҚБтК) өзгерістер енгізу мақсатында ҚР Әділет министрлігі заң жобасын ұсынды. Осы өзгерістердің нәтижесінде 204-4 бапқа түзетулер енгізіліп, 2025 жылдың 13 наурызында күшіне енді.
"Негізгі жаңалық – бірінші рет заң бұзғаны үшін бұрын ескерту берілетін болса, енді бірден айыппұл салынады. Бұл өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15 пайыздан асырған жағдайда кәсіпкерлерге ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады", - делінген хабарламада.
Бұрын, бірінші рет заң бұзушылық жасаған кәсіпкерге тек ескерту беріліп, айыппұл тек 1 жыл ішінде қайталанған жағдайда ғана қолданылатын. Енді бірінші рет заң бұзушылық үшін айыппұл мөлшері келесідей болады:
  • Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – 5 АЕК (19 660 теңге);
  • Орташа бизнес – 35 АЕК (137 620 теңге);
  • Ірі сауда желілері – 150 АЕК (589 800 теңге).

Егер бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе артады.
Бұл өзгерістердің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсу тәуекелдерін төмендету. Қазір сауда нүктелеріне бақылау күшейтіліп жатыр. Сонымен қатар, әр кәсіпкер ӘМАТ-қа белгіленген 15 пайыздық шекті сауда үстемесі сақтауы тиіс.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар индексі өткен аптада 0,3 пайызға өсті. Жалпы, бағаның өсу динамикасы 2025 жылдың қаңтар және ақпан айымен салыстырғанда төмендеген.
"Өткен аптада нан, рожки, қарақұмыс, күнбағыс майы, кефир және тұз сияқты тауарлардың бағасы тұрақты болды. Сиыр еті, қырыққабат пен картоп бағасының аздаған өсімі байқалады. Жалпы көкөніс бағасының өсуі маусымаралық кезеңге, қойма мен көлік шығындарының, коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты".
04 сәуір 2025 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930