» » ОБЛЫС БАС ИМАМЫНЫҢ АЛҒЫСЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫНЫҢ АЛҒЫСЫ ТАБЫСТАЛДЫ


Ораза айт мерекесіне орай ауданның бас имамы Нұрболат Рахметуллаев Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаеваға облыстың Бас имамы Дастан Құрманбаевтың сәлемін жеткізіп, Алғысын табыстады.

Дастан Жанасұлының марапаты аудандық басылымның бас редакторына елімізде діни бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды, оның ішінде, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мен Қызылорда облысы өкілдігінің іс-шараларын насихаттауға қосып келе жатқан зор үлесі үшін табыс етілді.

«Сізге елімізде діни бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды, оның ішінде, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мен Қызылорда облысы өкілдігінің іс-шараларын насихаттауға қосып келе жатқан үлесіңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала, ал журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Сіз қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып келесіз. Алла Тағала өз кәсібінің майталманы болған Сізге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Әрдайым мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!», делінген марапат мәтінінде.

Сондай-ақ, кездесу соңында Сәрсенкүл Жаудатбекқызына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Қызылорда облысы өкілдігінің атынан сый-сыяпат жасалды.

Аудандық "Қармақшы ата" мешітінің баспасөз қызметі

01 сәуір 2025 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 745

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031