» » "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН": ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН": ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ


Наурыз мерекесі қарсаңында айналаны қоқыстан тазарту, бұлақ көзін ашу, көшет отырғызу дәстүрі қалыптасқан.
Бүгін "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

«KazStroyCapital LTD Kyzylorda» компаниясы «Қызылорда қаласын көгалдандыру» және «Қызылорда қаласының жасыл белдеуі» жобаларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асыруға кірісті. Кызылорда қаласындағы өндірістік базаға 15 техника әкелінді. Қосымша 38 техника жолда, олар алдағы екі апта ішінде жеткізіледі.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев сенбілік барысында жаңа техникаларды көріп шықты.
Екі апта ішінде қалада көгалдандыру жұмыстары басталады, яғни ағаш отырғызу, суару жүйесін салу және тиісті инфрақұрылым жеткізу жоспарланған. Аймақ басшысы жұмыс сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.

Бүгінгі сенбілікке Қызылорда қаласы және аудандардағы 954 мекемеден 10 610 адам, 198 арнайы техника жұмылдырылды. Полигондарға 219,5 тонна қоқыс шығарылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес елді мекендер аумағының санитарлық тазалығы қатаң бақылауға алынып, жұмыс үздіксіз жалғасуы қажет.

Қала аумағында ұйымдастырылған сенбілікке 128 мекемеден 1872 адам қатысып, 81 техника іске қосылды. Жұмысқа "Қызылорда тазалығы", "Жасыл Қызылорда", құрылыс мекемелерінің, орман шаруашылығының техникалары жұмылдырылды. Орталық полигонға 300 текше метр қоқыс шығарылды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 наурыз 2025 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 527

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930