» » АЛДАҒЫ БЕСЖЫЛДЫҚТА 86 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

АЛДАҒЫ БЕСЖЫЛДЫҚТА 86 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ


Аймақта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өңір экономикасын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыста инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, өңірге шетелдік және отандық инвесторларды тарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев айтты.

- Алдағы бесжылдықта 86 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Өңірлік штабтың отырыстарында әрбір жобаға қатысты туындаған мәселелер талқыланып, оларды шешу бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Былтырғы жылы 21 жоба іске қосылып, 411 жаңа жұмыс орны ашылды. Солардың ішінде ең ірі жобалардың бірі – Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылуы. Бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, әуе қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Әуежайды одан әрі дамыту мақсатында вьетнамдық «Sovico Group» компаниясымен Қорқыт Ата халықаралық әуежайын сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Егер келісім жүзеге асса, бұл әуежайдың қызмет көрсету сапасын жақсартып, жаңа халықаралық бағыттардың ашылуына ықпал етуі мүмкін. Жалпы, қолға алынған инвестициялық жобалар өңір экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады,-деді, Ардақ Темірханұлы.

07 наурыз 2025 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 516

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930