ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ ЖАСТАРҒА БЕРІЛЕР МОЛ МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ
"Жұмысшы мамандықтар" жылы қарсаңында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің базасында "Кәсіпкерлік мектебі" оқу-өндірістік комбинаты ашылды.
Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы арнайы қатысып, биыл елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты аймақта және ауданымызда жұмысшы мамандықтар бойынша білім беру сапасын арттыру, жастарды кәсіптік бағдарлау және еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандарды даярлау мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтіп, жұмысшы мамандықтар жылы жастарымыздың болашағына үлкен жол ашылар мүмкіндік екенін басты айтты.
Сондай-ақ бүгінгі аталмыш шара аясында оқу-өндірістік комбинат «тігінші», «аспаз», «ағаш өңдеу», «компьютерлік графика және web дизайн» біліктілігіне кәсіптік даярлау мақсатында жүргізілетін қолданбалы курстардың білім беру бағдарламаларын іске асырылатындығы және жалпы орта білім беру ұйымдарының 10 сынып оқушыларының кәсіби мүдделерін айқындау, дамыту және бекіту, олардың қоғамдық пайдасы бар еңбектерін ұйымдастыру, техникалық шығармашылығын, жасампаздық пен өнертапқыштығын дамыту мақсатында жұмыс жасайтын болады.
Оқу өндірістік комбинатын жүзеге асыру мақсатында мектеп жарғысына 2024жылдың 22-қарашасында №01-17-678 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
Оқу өндірістік комбинат 5-қаңтар 2025 жылы, №4 бұйрық бойынша ашылды.
Оқу-өндірістік комбинатта барлығы 91 оқушы білім алуда.
«Тігінші» біліктілігіне - 21 оқушы,
«Аспаз» біліктілігіне - 19 оқушы,
«Ағаш өңдеу» біліктілігіне - 19 оқушы,
«Компьютерлік графика және web дизайн» біліктілігіне-32 оқушы қатысады.
2025 жылдың 13-қаңтар күні «Қызылорда облысының білім басқармасының "Қармақшы аграрлы-техникалық колледжімен» КМҚК меморандумға отырды.
Алдағы уақытта "Тірек мектептері" жобасы аясында Қызылорда қаласындағы 278 IT мектеп-лицей базасында ашылған оқу өндірістік комбинатымен меморандумға отыру жоспарлануда.