» » 2025 жылдың 2 наурызында өткен Дауылкөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы

2025 жылдың 2 наурызында өткен Дауылкөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы

2025 жылдың 2 наурызында Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №109 учаскелік сайлау комиссиясының және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Дауылкөл ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 975 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 853 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 4 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 5.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам тіркеліп, бюллетенге енгізілді.
Дауыс беру қорытындысымен: Кандидат Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлы үшін 245 дауыс, кандидат Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы үшін 553 дауыс, кандидат Сүлейменов Ринат Таңатарұлы үшін 47 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 3 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы 1993 жылы туған, ұлты қазақ, «Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, Жосалы кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-бабына сәйкес, 2025 жылдың 3 наурыздағы №9 шешімімен 2025 жылдың 2 наурызында сайланған Дауылкөл ауылдық округінің әкіміне Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлын тіркеді.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы
04 наурыз 2025 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 433
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31