» » 14 АҚПАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ

14 АҚПАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ


Бұл мерекенің мақсаты - барлық адамзатты кітап оқуға шақыру. Атаулы күннің қағидасы бойынша досыңызға немесе жақын туысыңызға қызығып жүрген оқулығын сыйлай аласыз. Бүгінде бұл мереке дәстүрлі шараға айналып келеді. Қаламызда кітап оқып парасат пайымын арттырып, зейінімді ашам деген жандардың рухани ортасы бар. Облыс кітапханаларына соңғы жылдары авторлардан 2270 кітап сыйға тартылған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Нұрлыбек Мыңжас, "Кітап құрттары" клубының мүшелері Нұрболат Олегұлы мен Ізбасар Әмір келіп мерекенің маңызын сөз етті.

- Кітап деген - адамның ақыл-ойының жемісі. Әрине кітапқұмарлар бар, сақтайтындай бар, фанаттар бар. Ол түсінікті. Бірақ халыққа көптеп жеткізу керек. Мысалы жапондарды мықты халық деп қабылдаймыз ғой. Ал жапонның бір оқушысы жылына 70 кітап оқуға міндеттелген.Әбділдә Тәжібаев атындағы кітапханамызда да акциялар жиі өтіп тұрады. Біз насихаттай беруіміз керек. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруымыз керек,- деді Нұрлыбек Кәрібозұлы.

- Ең алдымен кітап сыйлау күнімен сіздерді құттықтаймын. Кітап құрттары клубы туралы айтатын болсам. Біз 2019 жылы 10 адамнан бастап ашылдық. 6 жыл ішінде клуб мүшелерінің де қатары артты. Біздің де мақсатымыз кітапты насихаттау ғой. Қазірде QYZYLORDA арнасында екі жобамыз бар. 10-11 сыныптарға арналған интеллектуалды “Ziyatker” сайысы және қалада кітап оқуға ынталы жандармен сұхбатқа құрылған “Велософия” хабары. Осындай жұмыстардың басында жүрміз,- деді Нұрболат Олегұлы.

- Қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер, бизнеске бағытталған кітаптардың жарнамасы жоғары болғандықтан, көркем әдебиеттің жанында жоғары қолданысқа еніп кетеді. Дегенмен көркем әдебиетті оқыған адам оның пайдасын анық біледі. Өзіңмен бір қызығушылықтағы жастармен жолыққанда, олармен бірге даму жолына түсесің. Менің кітаптан тапқан пайдам осы,- деді Ізбасар Төлеубекұлы.

14 ақпан 2025 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930