» » ДУБАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ СЫННАН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

ДУБАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ СЫННАН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

Дубайда SWAT Challenge халықаралық жарысы өтті. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынасты.

Биыл алғаш рет бұл жарыста ерлермен қатар әйелдер құрамасы қатысты. Кедергілер жолағын еңсеру барысында әйел-офицерлер ептілік пен атыс дағдылары бойынша ерлерден қалыспай өнер көрсетті.

Дубайдың төрінде өткен жауынгерлер жарысында олар біршама команданы артта қалдырды. Жарыстың үшінші күнінің қорытындысы бойынша 50-ден аса команданы басып озды.

“Томирис” командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен терезесі тең өнер көрсетті. Нәтижесінде әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді.

Қазақстанның көк туын желбіретіп, биік дәрежеде Қазақстанның атын шығарған «Томирис» әйелдер командасының құрамында Сыр елінің тумасы Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері ЖҚАЖ иснпекторы полиция капитаны Төлекова Лаура Қарабекқызы болды. Полицей қыз барлық сыннан сүрінбей өтіп, ерлермен иық теңестіре нәтиже көрсетті.

12 ақпан 2025 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031