» » Қазақстан халқы наурызда қанша күн демалады

Қазақстан халқы наурызда қанша күн демалады

Көктемнің алғашқы айында ел тұрғындары бірнеше күндік демалысқа кенеледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 
Наурызда  бірден екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мерекесі (21-23 наурыз). Демалыс күндерінің шегерілуіне байланысты ел азаматтары қосымша демалыс күндерін алады.
Нәтижесінде 2025 жылдың наурыз айында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 14 күн, алты күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады.
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 10 наурыз дүйсенбіге ауыстырылды. 
  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 8, 9 және 10 наурыз демалыс;
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8 және 9 наурыз демалыс күндері, 10 наурыз жұмыс күні болады.
Наурыз мейрамы – жылдың басты мерекелерінің бірі. 2025 жылы мерекелер жұма, сенбі және жексенбі күндеріне тура келеді, сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.
  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 21 наурыздан 25 наурызды қоса алғанда – бес күн қатарынан демалады;
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 21, 22, 23 және 24 наурыз демалады, 25 наурыз жұмыс күні болып бекітілді. 
11 ақпан 2025 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 983
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031