Тұман және қатты аяз: синоптиктер ескерту жасады
Казгидромет 10 ақпанда бірнеше аймақта дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
10 ақпанда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Тұман түседі деген болжам бар. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейді. Облыс орталығы – Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Ал облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр аралас қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Ал күндіз желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Шымкент пен Түркістан қалаларында жауын-шашынды, жаңбыр аралас қар түседі. Түнде және таңертең тұманды болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей кезде екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тараз қаласында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Павлодар тура сондай ауа-райы болады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде, ал күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Сондай-ақ Риддер мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты II әрежелі ескерту сақталады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Ал түнде облыстың орталығында және таулы аудандарда қатты аяз, минус 25-27 градус болады. Талдықорған қаласында түнде және таңертең кей уақыттарда тұман, түнде қатты аяз – минус 25 градус.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың орталығында, шығысында және солтүстігінде күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Қызылорда қаласында түнде тұманды болады.
sputnik.kz